Қажеттіліктер – бұл адамдардың белгілікті пайдалығы бар игіліктерді сатып алу және пайдалану ниеті. Экономикалық игіліктерді өндіру үшін қоғамның потенциалдық мүмкіндіктері болып табылатын ресурстар пайдаланылады. Өндіріс процесінде ресурстар өндіріс факторларына түрленеді. Өндіріс үш әртекті фактордан тұрады:капитал, жер, еңбек. Ресурстардың шектеулігі жағдайында таңдау мәселесі туындайды. Сондықтан кез-келген қоғам қандайда жолмен болмасын үш іргелі Өзара байланысқан экономикалық мәселедерді шешуі тиіс:
1. Не өндірілуі тиіс?
2. Қалай өндірілуі тиіс?
3. Кімге өндірілуі тиіс? Ең аз шығындар кезінде барынша көп табыс алу қамтамасыз етілетін шешім дұрыс болады. Қабылдаған шешімдердің негізгі өлшемі – ұтымдылық.