пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

20 ғасырдағы қазақстан медицинасы

Медицина(лат. medіcіna: medіcus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Тарихы

Археологиялық және этнографиялық деректер (Павлодар-Ертіс өңіріндегі Қараоба обасынан табылған әйелдің, Батыс Қазақстандағы Сайқын станциясы маңынан табылған ер адамның, Тараз қаласы төңірегінен табылған жауынгердің бассүйектері; Орталық Қазақстандағы Қарабие мекенінен табылған адамның қаңқасы) Қазақстанда өмір сүрген емші-дәрігерлер емдеу ісімен, әсіресе, хирургилық әдістермен ертеден-ақ таныс болғандығын көрсетеді. Орта ғасырларда қазіргі республика жерінде туған энциклопедист-ғалымдар (әл-Фараби,Әбу-МансұрҚожа Ахмет ЯсауиМұхаммед Хайдар, тағыда басқа) медицина ғылымында елеулі із қалдырған.

Қазақстанда

Медицина саласындағы жүйелі зерттеулер республикада 1925 ж. Өлкелік санитады-бактериолиялық институт ашылғаннан кейін басталып, келесі кезеңдерде ұйымдастырылған қазіргі Қазақ Ұлттық медицина университетінде, Тері-венерология ғылыми-зерттеу институтында, Туберкулез мәселелері ұлттық орталығында, Республикалық ана мен баланың денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығында, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында, Гигиена және эпидемиологияғылыми-зерттеу орталығында, Хирургиялық ғылыми орталықта, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында, Қазақ карантиндік және зооноздық инфекцияларғылыми орталығында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, өзге де медициналық университеттер мен факультеттерде жалғасын тауып келеді.


18.06.2015; 12:04
хиты: 93
рейтинг:0
Гуманитарные науки
история
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2025. All Rights Reserved. помощь