пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

55. Халықаралық сауда теорияларына қысқаша сипаттама беріңіз.

Халықаралық сауда теориясының мәні мен эволюциясын Халықаралық сауда – халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып табылады, және олардың өзара экономикалық тәуелсіздігін білдіреді. Халықаралық сауда дамуын ғылыми тұрғыда түсіндіруге тырысқан бірнеше теориялар бар. Олардың қатарында:      •       

Меркантилизм – феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы кезеңіндегі (ХҮ-ХҮІІІ ғғ.) сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Меркантилистер байлық көзі өндіріс аясы емес, айналым аясы болады деген қағидаға сүйенеді; олар мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтынның, күмістің) мүмкіндігінше неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді және елден шет елге шығарылатын тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп болуына қол жеткізуге тырысты.  олар әлемдегі барлық байлық шектеулі, сондықтан бір елдің баюы, екінші елдің кедейленуі арқылы жүргізіледі. Елдің байлығын қазынадағы алтын мен күмістің көлеміне байланысты деп есептеген олар, мемлекеттің  мүддесін нығайту үшін алтынның сырттан  әкелуіне қолайлы жағдайлар жасау  керек деді.      •  А.Смиттің «Абсолютті артықшылықтар теориясы». Бұл теория бойынша - әрбір ел өзінде аз шығын жұмсап өндірген өнімін экспортқа шығарады (өндіруде абсолютті артықшылықтарға ие), ал импорттан өндірістерде көп шығын жұмсалатын тауарларды сатып алады (өзі өндірген тиімсіз).      • Салыстырмалы артықшылық теориясы. Д.Рикардо «Саяси экономияның және салық салудын принциптері» деген еңбегінде (1817ж.) көрсетті.Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте  абсолютті артықшылығы болмаса  да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы  сәл айырмашылықтың өзі әрбір  ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол  жеткізеді, яғни басқа  тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым  тиімді тауар өндіріліп, тап осы  тауар басқасына айырбасталынып, экспортқа шығарылуы тиіс. Рикардо «Салыстырмалы артықшылық теориясын» (заңын) ашты: ол бойынша, «әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда ала алады».      • 

Хекшер-Олин теориясы.  Оны шведтің екі экономисі құрастырды: Эли Хекшер және Бертиль Олин. Сондықтан бұл теорияны «Хекшер-Олин теориясы» деп атайды. Бұл теорияның басқаша атауы - «факторлық пропорция теориясы». Хекшер-Олин теоремасы бойынша - әрбір ел салыстырмалы мол мөлшердегі өндірістік факторды қолданып өндірген тауарды экспортқа шығарып, өндіру үшін өндірістік факторлар жетіспеушілігі байкалған тауарларды импорттайды.Бұл теория тауарларға әр түрлі елдердегі салыстырмалы бағалар айырмашылығы және олардың арасындағы сауда әр елдің өндіріс факторларымен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігімен түсіндіріледі.      •  Леонтьев парадоксы. Хекшер-Олиннің ережелері мен қорытындыларын тәжірибелік тұрғыдан тексеруге арналған көптеген зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі - американ экономисі, Василий Леонтьевтің жұмысы болып табылады. Леонтьев парадоксы - Хекшер-Олиннің өндіріс факторлар арақатынасы теориясының іс-жүзінде расталмағаны: енбек күші мол елдер капиталды көп қажет өнімді, ал капиталы мол елдер - еңбекті көп қажет ететін өнімді экспорттады.              •  Халықаралық бәсекелестік теориясы. Американ экономисі М.Портер 1991 жылы«Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» деген зерттеуді жариялады. Майкл Портердің теориясы «Халықаралық бәсекелестік теориясы» - елдердің бәсекеге қабілеттілігі  оның алдыңғы қатарлы фирмаларының бәсекеге төзімділігімен анықталады.      •  Халықаралық құн теориясы. Стюарт Милль өзінің «Саяси экономияның принциптері» (1848 ж) атты еңбегінде айырбас қандай баға арқылы жүзеге асырылатынын анықтады.С.Милльдің пікірінше, айырбас бағасы әрбір  елдің экспортының жиынтығы оның импортының жиынтығын төлеуге мүмкіндік  беретін деңгейдегі сұраныс пен  ұсыныс заңы бойынша белгіленеді. Әрбір елдің экспорты мен импорты нақты және құндық көрсеткіштер бойынша есептеледі. Халқықаралық салыстырулар жүргізу мақсатында экспорт FOB бағасымен, ал импорт CIF бағасымен есептеледі.      •  Өнімнің өмірлік циклі теориясы. ХХ ғ. 60-ж. ішінде американ экономисі Р.Вернон өнімнің өмірлік циклі теориясын ұсынды. Бұл теория арқылы өнімнің рыноктағы өмірге бейімділігі мен сатушының мақсатына жетуін қамтамасыз ететін уақыт аралығында дайын өнімнің әлемдік саудасының дамуын түсіндіруге ұмтылды. Өнімнің өмірлік  циклі 4 кезеңнен тұрады: ендіру, өсу, жетілу және құлдырау.      •        Масштаб эффектісі теориясы. 80 жылдың басында Крюгман, Ланкастер және т.б. экономистер масштаб тиімділігі теориясын ұсынды. Теорияның мазмұны дамыған елдер негізгі  өндіріс факторларымен тең деңгейде қамтамасыз етілген, сондықтан осы  жағдайда олар бір – бірімен өндіріс  тиімділігі бар салаларға маманданып сауда жасағандықтары тиімді. Бұл  кезде мамандану - өндіріс көлемін  арттыруға және өнімді аз шығынмен өндіруге және арзан бағамен сатуға мүмкіндік береді.      • 

Рыбчинский теоремасында сипатталатын факторлар ұсынысын бір қалыпты емес өсуінің маңызы ерекше, себебі: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіндегі ұсыныс факторларының бірінің өсуі осы факторларды қарқынды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқа тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.      •  Самуэльсон–Джонс теориясы – сауда нәтижесінде экспорттық салалар үшін ерекше факторларын (елдер арасында қозғалмайтын) иелерінің табыстары өседі, ал импортпен бәсекеге түсетін ерекше салықтық факторлар иелерінің табыстары азаяды.      • 

Столпер–Самуэльсон теориясы – халықаралық сауда бағасы өсіп келе жатқан тауарды өндіру үшін белсенді қолданылатын факторлар бағасының өсуіне әкеледі, бағасы төмендеп келе жатқан тауарды өндіру үшін қолданылатын факторлардың бағасының төмендеуіне әкеледі.    Халықаралық сауданың стандартты моделі Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды.     Бұл  теория бойынша Стандартты модель төмендегідей белгілермен сипатталады:-әр түрлі тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететінөндірістік мүмкіндіктер қисығы әр түрлі елдерде өзгеше болып,оларды бір-бірімен сауда жасауға итермелейді.-ұсыныс трансформацияның шекті деңгей қисығымен, алсұраныс орын басудың шекті деңгейінің қисығымен анықталады;-халықаралық сауда пайдаланатын тепе-теңдік бағасалыстырмалы әлемдік сұраныс пен ұсыныс арақатынасыменанықталады.

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 68
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь