пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

54. Әлемдік рынок пен әлемдік экономиканың даму кезеңдерін көрсетіңіз.

Әлемдік рынок (World market) — жекелеген елдердің бір-бірімен сауда-экономикалық қатынастар арқылы байланысы бар ұлттық нарықтардың жиынтығы немесе халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу арқылы өзара байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар-ақша қатынастарының жүйесі. Әлемдік рыноктың бірнеше түрі бар. Капиталдың әлемдік рынокгы — капиталдың экспорты мен импорты бойынша жүйелі де тұрақты операциялармен байланысты халықаралық айырбас саласы. Ондай операциялардың объектісіне кәсіпкерлік және несиелік капитал, ал субъектілеріне жекеленген кәсіпкерлер, қаржы және банк ұйымдары, ұлтаралық компаниялар жатады. Капиталдың әлемдік рынокгында қор биржасы ұйымдастырушылық-экономикалық рөл атқарып, капиталдың елдер арасында ауысуына, өндірістердің қаржыландырылуына жағдай жасайды. Машиналар мен құрал-жабдықтардың әлемдік рынокгы — машина жасау өнеркәсібінің өнімін сату мен сатып алу жөніндегі жүйелі де тұрақты халықаралық сауда. Ол тауар нарығының көптігімен ерекшеленеді және бәсекелестіктің, әсіресе, бағаның әрі олар туралы экономикалақ, коммерциялық ақпараттың қалыптасуына әсер етеді. Әлемдік рыно субъектілері — экспорт және импортпен айналысатын фирмалар. Әлемдік рыноның бұл түріне сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы үлкен ықпал жасайды. Жұмысшы күшінің әлемдік рыногы — жұмыс күшін сату және сатып алу бойынша жүйелі де тұрақты қызмет көрсететін халықаралық экономикалық байланыс жүйесі. Бұл нарық еңбек ресурстарының ауысуын, әлемдік ауқымда олардың еңбекке деген мүмкіндіктерін арттырады. Бірақ халықаралық жұмыс күшінің миграциясы көп жағдайда оларды ауыстыруға байланысты ұлттық шектеулермен, әлеуметтік, экономикалык, мәдени, тарихи нысандарымен қатар айқындалады. Технологиялық әлемдік рынок — технология шешімдерді (лицензиялар, “ноу-хау”, жобалар мен құнды құжаттар) сату және сатып алу операцияларын жүргізетін халықаралық сауда саласы. Ол қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің рөліне байланысты әлемдік айырбастың басты секторына айналып отыр. Технологиялық нарық ғылым жетістіктерін өндіріске енгізуші, ғылыми-зерттеу және инжинирингтік фирмалар қызметінің нақты ұйымдастырушылық нәтижелерімен көрінуде, ал олардың субъектілері әр түрлі елдердің озық фирмалары, халықаралық және ұлтаралық компаниялар болып табылады. Шикізат және отынның әлемдік рынокгы — әр түрлі тауарлар бойынша сату және сатып алу операцияларын жасайтын халықаралық сауда орталықтары немесе жүйесі. Оның негізгі ұйымдастырушылық формасы — тауар биржасы. Шикізат пен отынның көп бөлігі сол арқылы сатылады. Қызмет көрсетудің әлемдік рынокгы — халықаралық тауар айырбасының ерекше жүйесі. Ол орнықты да жүйелі түрде өндірістік және тұтыну тауарларын сату және сатып алу операцияларын жүргізумен сипатталады. Бүгінде дүние жүзі сауда үлесінде қызмет көрсету айырбасы 44% көлемінде. Олардың негізгі объектілеріне ақпараттық және бағдарламалық жұмыстар, инжиниринг, консалтинг сияқты қызмет көрсету ұйымдары жатады.

Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.

Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдениетке қол жеткіздім деп айта алмайды. Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара әсер етуімен байланысты мәселелерді шешуге бейімделген мақсатты талаптарының (әрекеттерінің) нәтижесінде пайда болады. Бұны толығынан экономиканы зерттейтін ғылым кешеніне жатқызуға болады. Адамдар көне заманнан бастап адамзат қоғамының дамуы немен байланысты, экономика қандай заңдармен дамиды деген сұрақтарға жауап іздеген.

Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдениетті және т.б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады. Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Грекия, Рим, Қытай, Үндістан ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағанын негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге талаптанған. Ксенофонт (б.д.д. 430—354 жж.), Платон (б.д.д. 427—347 жж.), Аристотель (б.д.д. 384—322 жж.) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан.

Көне Рим ойшылдары Сенека (4—65 б.д.д. жж.), Лукреций Кар (39~55 б.д.д. жж.) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, дейді олар Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. "Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін" деп, христиандық ойшылдар және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн дейді.

Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған. Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория "саяси экономия" деген атқа ие болды (грекше: "политейя"— қоғам, "ойкос"— үй, шаруашылық, "номос" — заң). Сонымен. саяси экономия — қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVII ғ. басында саяси экономия дербес ғылымға айналд

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 77
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь