пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

53 Банк жүйесінің экономикадағы рөлін түсіндіріп, орталық банктің ақша- несие саясатының құралдарын көрсетіңіз.

   Банк жүйесі - нарықтык экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер мен акша-тауар катынасы тарихи тұрғыда катар (параллель) дамып, бір-бірімен тыгыз байланыста болды. Банктер баскарудың барлық деңгейіндегі халык шаруашылығымен  күн сайын тікелей байланысты.  Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отырды. Бүл арада банктер каржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылык органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босаған еркін ақшалай каражатты тартып, оларды карыз алушыларға уақытша пайдалануы үшін берді, бүл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Банктерге шоғырландырылған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға жэне қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне тікелей ыкпалын тигізді

  Банктер нарықтык экономикада ең басты каржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің процесінде олар ақша нарығында тауарға айналатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді тудырады. Мәселен, банктер клиенттердің салым ақшаларын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені - депозитті құрады, ал жаңа талаптың ссудасын карыз алушыға береді.

Жаңа міндеттемені және жаңа талапты тудыратан бұл процесс қаржылық делдалдың негізін құрайды. Қаржы ресурстарынын несие берушіден қарыз алушыға козғалысы, орналасуы, ағылуы және осылармен байланысты болатын қаржы институттарының қызметі қаржылык делдал деп аталады.

Банктер акшалай капиталды әр түрлі көздерден шоғырландыра отырып, акшалай қаражаттың жалпылама «пулын» қалыптастырады әрі оларды қолданыска тусетін капиталға айналдырады және шарттары әр қилы несиелер талабын қанағаттандырады.

 Банктер экономиканы басқару процесінде экономикалық қатынасты білдіретін басқарудың экономикалық әдістерін пайдаланады, ал, әрбір қоғамның экономикалық катынасы ең алдымен мүдде ретінде алга шығады, ал, экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, оның козғаушы факторы болып табылады.

 Орталық банк ашық  нарықтағы (өзінің) операцияларымен банк жүйесінде өзінің   өтімділігін жоғарлату  үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар   Орталық банкпен алдын ала дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік қабілеттерін төмендету үшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді.

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 61
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь