пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

50.Экономикадағы мемлекеттің атқаратын қызметтерін (ФУНКЦИЯЛАРЫН )көрсетіңіз.

     Мемлекет, жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымдағы әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады.

Мемлекеттік бюджеттік – экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі обьективті алдын ала анықталғанын айрықша айту керек. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат ретінде арқылы пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.

    Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса, соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.

   Бюджеттік механизмнің әр түрлі құрылымдық буыны мен элементіне өздерінің орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері тән. Бірақ, бюджеттік механизнің буындары мен элементтері өздерінің қатыстылы дербестігіне қарамай біртұтас болып қызмет атқарады, яғни барлық құрылымдық буындар мен элементтердің өзара байланысты әрекеттері бюджеттік механизмнің біріңғай іс-әрекетін қамтиды.

  Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рөл атқарады.    Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы басқарудың құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат, экономикалық тұтқа және ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.

 

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 66
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь