пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

44. Жалпы сұраныс қалай қалыптасады және оған қандай факторлар әсер етеді?

Жиынтық сұраныс — ел нақты сатып алушылық қабілетінің көрсеткіші, яғни елдегі сатып алушылар бағаның белгілі бір деңгейінде сатып алғысы келетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құндық тұлғадағы жиынтық көлемі. Жиынтық сұраныс халықтың жиынтық табыстың белгілі бір деңгейінде жоспарлайтын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығысының деңгейін көрсетеді.

Сондықтан Жиынтық сұранысты жиынтық шығыс деп те атайды, бұл шығысқа мемлекеттік тұтыну шығысы, жеке меншік сектордың тұтынуы, жиынтық инвестициялар және экспорт-импорт шығыстың сальдосы кіреді.

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.

Жиынтық сұранымға әсер ететін факторлар:

1. Процент ставкасы;

2. Инфляция деңгейі;

3. Импорттық тауарлар санының өсуі;

4. Тұтынушылар күтімі;

5. Қалыптасқан салықты инвестициялық режим.

Жиынтық сұраныс өзгеруіне екі фактор әсер етеді:

1). Бағалық факторлар:

а) байлық салдары (Пигу эффектісі)

б) пайыздық ставканың салдары (Кейнс эффектісі)

в) айырбас бағамдарының салдары (Манделл-Флеминг эффектісі) бағалар құлдырайды, ақшаға сұраныс азаяды, пайыздық ставка төмендейді, ұлттық валютаның айырбас бағамы төмендейді, таза экспорт ынталандырылады, АД өседі.

Бағалық факторлар әсер етуі тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс көлеміннің өзгеруі арқылы жүзеге асады және АД қисығының бойымен қозғалу кестесі арқылы көрсетіледі.

2). Бағалық емес факторлар: жиынтық сұраныс АД қисығын солға немесе оңға қозғау арқылы өзгеріске келтіреді. Оларға жататындар:

а) тұтынушылар шығыны;

б) инвестициялық шығындар;

в) мемлекетттік шығындар;

г) таза экспорттық шығындар.

 

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 81
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь