пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

43. Жалпы ішкі өнімдеген не және ол қалай өлшенетіне түсінік беріңіз

Жалпы Ішкі Өнім, ЖІӨ (ағылш. Gross Domestic Product) — мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш. Бұл атауды ең алғаш Саймон Кузнец ұсынды.

Жалпы Ішкі Өнім - қорытынды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, бір жылда елдің ішінде осы елге, сондай-ақ өзге де елдерге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып жасалынған түпкілікті өнімнің рыноктық бағалармен белгіленген жиынтықты құнын білдіреді.

атаулы' (ағылш. nominal GDP) — берілген жылдағы ағымдағы бағалар арқылы көрсетіледі.

нақты (ағылш. real GDP) (инфляцияға түзетілген) — базалық жыл ретінде көрсетілген уақыттағы бағалар арқылы көрсетіледі . Нақты ЖІӨ бағаның әсерін емес, нақты өндіріс өсуінің ЖІӨ-ге әсерін көрсетеді.[2].

Атаулы ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы ЖІӨ дефляторы" деп аталады.

Фактылы ЖІӨ— толық жұмыспен қамтылмаған кездегі ЖІӨ. Экономикада іске асырылған мүмкіндіктерді көрсетеді.

Әлеуетті ЖІӨ — толық жұмысбастылық кезіндегі ЖІӨ.Экономиканың бар мүмкіндікті пайдалану кезіндегі ЖІӨ-н көрсетеді.

Халықаралық тәжірибеде ЖІӨ есептеудің үш әдісі пайдаланады:

Табыстарды бөлу әдісі. Осы әдіс кезінде ел экономикасынан түскен табыстарды еңбек төлімдеріне, салықтар мен таза пайдаға жұмсалған қаражаттар түрінд жіктеледі. ЖІӨ есептеу экономикадағы жалақы, капиталға шағылатын пайыздар, пайда және рента түріндегі барлық табыстарды жиынтықтау жолымен жүргізіледі;

Табыстарды [кірістерді] пайдалану әдісі. Мұндағы алынған табыстар, оларды түпкілікті тұтыну мен қор жинауға пайдалану көзқарасы тұрғысынан қаралады. ЖІӨ тұтынуға, инвестициялар, мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуына, сондай ақ таза экспортқа [экспорт минус импорт] жұмсалған барлық шығыстарды жинақтау арқылы есептеледі.

Өндірістік тәсіл – табыстар, тауарлар мен қызмет көрсетулер бағасына кіретін үстеме құнды [жалпы өндіріс минус материалдық шығындар], салықтар мен субсидияларды [демеу қаржыларды] жиынтықтау жолымен ел экономикасы салаларындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру сатысында есептеледі.

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 59
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь