пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

30. Фирманың мәнін көрсетіп, олардың мүддесі мен көптүрлілігін түсіндірің.

 "Фирма" – көп профилді өндіріс. Фирманың стратегиялық максаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінін үлесін көбейту болды. Фирма- егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыруы керек, осы факторлар өзара байланысты болса да. Фирма экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару - бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі. Қазіргі кезде фирманың мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы , мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтіккызметтер, фирманың мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттык заңдармен реттеледі. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз қабылданады және оның мәні мынада:

 • фирма меншік нысанына және салалық құрамында болуына қарамастан бірінші буыны халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады, ақырғы соңында фирманың тиімді жұмыс істеу деңгейі жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әл-ауқатының деңгейіне байланысты болады;

• нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылык тетігін жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысандар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес- жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. кажет етеді.

Қайбір фирма болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан - өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке фирмалардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке фирманың мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

 

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 77
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь