пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

25. Қандай нарықтар тұрақсыз деп саналады және оларды тұрақтандыру үшін не істеу керек?

Тұрақсыз нарық - Жылжымайтын баға деңгейін қалыптастыру кезінде өнімді сатып алуға немесе сатуға нақты ұсыныстар болмауына байланысты тұрақсыз нарық. Бұндай нарықта кімге тиімді екенін анықтау қиын. Нарықтың тұрақсыздыққа алып келу себебі макроэкономикалық жаңалықтардың ашылуы саналады.  Егер де нарықтың ішінде тұрақсыздықтар пайда болып, эквилибриум үнемі ауысып отырса, бұл нарық ең дұрысында құлдырайды. Мысалға, ауыл шаруашылығында көп толқулар болады. Себебі, жұт, ұрлық сияқты зиянды заттар әсер етсе, яғни нарықтың ішінде бір бас мал үшін баға қымбаттай түседі. Ауыл шаруашылығы министрлігі, ол үшін ақшалай нарыққа көмек береді. Ал негізінде, олар вакцинация немесе жұттан қорғайтын жоспарлар ұйымдастырып, іске асырады.

         Тұрақсыз нарықты қалыпқа келтіруде мынадай жұмыстар жасауға болады:

А. Демалыс күндері немесе мереке күндері, басқа нарықтар демалғанда, нарыққа шығу;

В. Акциялар ұйымдастыру

         Бұл шаралар арқылы кішігірім инвестициялық жылжу байқалады. Қысқа мерзімде табысқа жету мүмкіншілігі аз, сондықтан мұндай шараларды жиі ұйымдастыру қажет. Нарықтың құлдырауы - ресурстарды тиімсіз пайдалану есебінен, нарықтың экономокалық жағынан сәтсіздігі болып табылады.  Нарықтық тепе-теңдік шартының параметрлері тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлем болып табылады. Тепе-теңдік баға тауардың сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңескен жағдайда, ал, тепе-теңдік көлем тауардың ұсыныс пен сұраныс бағасының арасында теңдік орнаған кезде болады. Бұл кезде келісімге келген екі жақ үшін де орнаған жағдайды өзгертетін ішкі ұмтылыс болмайды. Бұл орайда  нарықтық тепе-теңдік жағдайы әрқашан бақыланып отырылатын сатып алу мен сатудың сандық қана теңдігіне байланысты емес екенін ескеру керек. Іске асқан келісімдер тек сату мен сатып алудың арасындағы теңдікте ғана көрсетеді. Бұл сатып алушының қалаған бағасы болмауы мүмкін, немесе сатушының ұсынар көлемі болмауы мүмкін. Бұның барлығы нарыққа қатысушылардың жағдайды өзгертуге ұмтылыстары бар екенін көрсетеді. Нарықтың жұмысы тұрақты әрі тиімді болады, егер де өндірушілер мен тұтынушылар ресурстарға деген меншіктік құқықтарын, еш ақаусыз дұрыс бөлсе. Нарықтың тұрақты болуына мемлекет әсер береді. Мемлекет тарапынан нарыққа әсер етудің басты тәсілдері төмендегілер болып табылады.

1)  салықтар мен субсидиялар;

2)  бағаларды тікелей реттеу;

3)  нарық айналымындағы тауарларды реттеу.

сұраныс пен ұсынысқа ықпал ету жолымен нарықты реттеу тура немесе жанама шаралар арқылы жасалады. Жанама шараларға жәрдемақылар, дотациялар (кәсіпорындарға берілетін жәрдемақылар), салықтар жатады. Сұранысты жанама шараларымен реттеу графикте сұраныс қисық сызығының сұраныстың өсуінде жоғары оңға немесе азаюында төмен солға жылжумен көрсетіледі. Сұранысты тура шаралармен (шектеу лимиттері, айыппұл санкциялары (шаралары) және т.б.) реттеу сұраныс қисығы пішінін өзгертеді, ол тік болып кетеді де (икемді сұраныс), бағаның құбылуына әкеледі. Ұсынысты реттеу үшін қолданатын жанама шаралар ұсыныс қисық сызығының жылжыуына себеп болады (сұраныс қисық сызығының жылжуына сәйкес). Ұсыныс реттеуінің тура шаралары нәтижесінде ұсыныс қисық сызығының сынық түрі көрінеді. Мысал ретінде импортқа квота (норма) енгізілуі қаралады: квота алдындағы ұсыныс қисық сызықтың еңкіштігі оңды жағымды (ұсыныс өседі), ал квота енгізгеннен кейін қисық сызық тік болып кетеді (ұсыныс бағасы икемді емес).

 

 

 

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 124
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь