пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

7. Экономикалық зерттеуде қолданатын әдәстерді көрсетіңіз

          Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымғға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

          Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.

Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет.

Шаруашылық үрдістерді зерттеген кезде, экономикалық теория жалпы ғылыми әдістерді қолдану қатарына кіреді, яғни бұл әдістерді, басқа қоғамдық және қазіргі заман ғылымдары да қолданады.Осындай жалпы ғылыми әдістердің ішінен экономика саласына арналған әдістері мыналар   Бақылау, модельдеу

         Біріншісіне көңіл аударсақ, басқа ғылыми қызмет сияқты, экономикалық зерттеуде эмпирикалық міндеттемені атқарады, яғни тәжірибелік негізде құрылады. Мұны, бақылау әдісі айқындайды,яғни экономикалық құбылыстарды, олардың НАҚТЫ түрінде көру және фактілердің жиынтығын, қазіргі кездегі болып жатқан жағдайларды көрсетеді.Мысалы, бақылау әдісі арқылы,тауар бағасының осы кезде және келер уақытта қалай өзгеретіндігін анықтауға болады.

         Модельдеу әдісі - әлеуметтік–экономикалық құбылыстарды олардың теориялық мысалдары төңірегінде қарастырады. Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған "диагноз" қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада не болатынын, қабылдаған   шешімдерінің   әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады.

Ғылымда экономикалық үдерістер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін қалаушылар – М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері – В. Леонтьев, Л. Конторовин, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім – математик, физик және кибернетик – Дж. Нейман. Ол Пристон университетінін экономисі 0. Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы" және "Экономикалық мінез-құлық" деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұрғысынан зерттелген.

 Ғылыми абстракция әдісі

        Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның таңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары, т. б. белгілейді.

Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.

Ғылыми абстракция дегеніміз зерттейтін құбылыстың тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.

Абстракциялау үрдісінде категориялар,ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен үрдістердің жеке-дара жинақталғанын білдіреді.Мысалы, баға қозғалысын алсақ,бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ үрдіс тәрізді, бірақ та баға динамикасын нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, өндіріс және тасымал шығындары т.б. белгілейді.

  Анализ және синтез .анализ және синтез әдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды жеке бөліктер бойынша немесе біртұтас зерттейді. Мысалы, өндірістің бір күндегі табыс  мөлшерін анықтайтын  бұл – анализ, ал ай сайынғы табыс мөлшерінің жиынтығын анықтайтын  бұл –  синтез (1.5 сурет)

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Индукция жеке оқиға құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар,үрдістер шығарады. Дедукцияда керісінше,жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің,үрдістердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады.

Мысалы. Нан, сүт, етке бағаның өсуі - елдегі бағаның көтерілуіне байланысты ауыр жағдайға әкеп соқтырады  (индукция). Өз кезегінде,жалпы баға өссе де, ішіп-жем өнімдерінің түрлері бойынша тұтынушылық құнының өсу көрсеткіштері әр түрлі болады (дедукция).

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 83
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь