пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

5. «Институттар» деген не және «институционалдық экономиканың» экономикалық теорияның басқа бағыттарынан айырмасы қандай?

ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ. «Институционализм» термині «заң негізінде орнатылған тәртіп немесе дәстүр» дегенді білдіреді. Институционалдық-әлеуметтік бағыт қазіргі экономикалық теорияда маңызды орын алады. Бұл теорияның негізгі өкілдері: американдық экономистер Торстейн Веблен (1857-1929), Джон Коммонс(1862-1938), Уэсли Митчелл (1874-1948), Джон Гэлбрейт (1908 жылы туылған). Бұлар экономикалық мәселелерді дәстүрлі емес әдістер арқылы зерттейді. Неоклассиктердің «экономикалық адам» мәселесін «әлеуметтік адам» ретінде қарастырды. Бұл жағдай олардың пікірінше, институттар арқылы реттеледі, яғни ол институттарға мемлекет, отбасы, адамгершіліктік және құқықтық нормалар, корпорациялар, кәсіподақтар, басқа да экономикалық құбылыстар мен тетіктер жатады. Сонымен қатар, институттар адамдар сақтайтын заң нормаларының жиынтығы ретінде өзіне қоғамдық пікір, сән-салтанат, жоғары білім, еркін бәсекелестік, жеке меншік, несие сияқты құбылыстарды да жатқызады. Сонымен, институционализм– бұл адамдардың экономикалықтан басқа, әлеуметтік, мәдени, саяси, адамгершіліктік, құқықтық құндылықтарын зерттейтін ерекше бағыт. Институционализм теориясынан негізгі екі бағыт тарайды: неоинституционализм және қоғамдық таңдау теориясы. Неоинституционализм бағыты меншік құқығының экономика-лық теориясы деп аталады. Негізін салушы болып американдық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Рональд Коуз (1911 жылы туылған) табылады. Бұл бағыт трансакциондық шығындар теориясына аса мән бере отырып, нарықтық қатынастарды дамытудағы меншік құқығының жаңа рөлін қалыптастырды және өндірісті нарықтық тұрғыдан тиімді үйлестірудің шығындарын анықтауды алға тартты

Институционализм, институттық экономикалық теория (латынша іnstіtutо іс-қимыл салты, әдет-ғұрып, сондай-ақ іnstіtutum орнату, құру) экономика ғылымындағы қоғамның және экономиканың дамуын әлеуметтік психология тұрғысынан түсіндіретін бағыт. Институционализм эконономикалық ой-пікірдің жетекші бағыттарының бірі, бұл бағыт экономиканы барлық негізгі құрылымдары тұрақты әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған әркелкі жүйе ретінде қарайды. Бұл теория бойынша экономика дамудың сипаты мен бағытын нарық өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған экономика институттардың бүкіл жүйесі айқындайды. Әлеуметтік бағдарламалар, индикативтік жоспарлау және мемлекет тарапынан араласудың басқа да нысандары қоғамдық дамудың қажетті нышандары ретінде қаралады. Институционализмнің көптеген идеялары дамыған бірқатар жетекші елдердің эконномика саясатына негіз ретінде алынған. Иституционализм экономикалық құбылыстарды қоғамдықпсихология, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жалпы жұрт таныған дағдылар, сондай-ақ ойлау тәсілі және адамдар тобы немесе тұтас халық үшін басым сипат алып отырған мінез-құлық сияқты институттар ықпалының нәтижесін түсіндірді. Онда әлеуметтік құбылыстар отбасы, мемлекет, кәсіподақтар, тағы басқа институттарға жатқызылады. Иституционализмді жақтаушылар мінез-құлық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тарихын зерделеуге баса көңіл бөлді. Кейінгі жылдары олар экономика үдерістерді технократиямен, технология детерминизммен байланыстыра бастады. Нео-иституционализм өкілдері трансакция шығын теориясын, меншік құқығының экономика теориясын, қоғамдық таңдау теориясын, тағы басқа талдап жасады. Барлық бағыттағы иституционализмге тән ортақ сипат: экономиканы бағалауға адамгершілік-психология тұрғыдан қарау; қазіргі заманғы экономика жүйені бүкіл қоғамның мүдделері үшін әлеумет бақылау және мемлекет реттеу тұғысынан реформалауды талап ету; жалпы ұлттың әлеумет-мәдени дамуына зиян келтіретін жеке дамуға сын көзбен қарау.

 

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 81
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь