пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

4. Өндіріс деген не және адамзат өндірісті неге тоқтата алмайды?

Қарапайым ұдайы өндіріс пен кеңейтілген ұдайы өндірістің айырмасын көрсетіңіз.   Өндіріс теориясының маңызды мақсаты болып өндірістің тиімді әдістерін ұйымдастырудың принциптерін қалыптастыру табылады, яғни ресурстардың берілген мөлшерінде өнім шығарудың максималды көлемін қамтамасыз ететін өндіріс факторларының тиімді үйлесімділіктерін және өндірістің ауқымын таңдау болып табылады.

Өндіріс – бұл ресурстарды адамдардың қажеттіліктерін тікелей және жанама қанағаттандыратын игіліктерге айналдыру үрдісі. Өндіріс факторлардың тұрақты үйлесімін көрсететін белгілі бір технология арқылы жүзеге асады. Технологияны жетілдіру өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Өндіріс дегеніміз бұл тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану үрдісі немесе басқаша сөзбен айтқанда, сол өндірістік ресурстарды адамның шексіз қажеттіліктерін тікелей және жанама түрде қанағаттандыруға қажетті игіліктерге айналдырудың үрдісі. Кез келген өндірістің түрі белгілі бір игіліктерді жасау мақсатындағы іс-әрекет ретінде анықталуы тиіс. Өндірісті жүзеге асыру үшін әртүрлі ресурстар қолданылады. Сол ресурстар өндірістік үрдіске тартыла отырып өндіріс факторлары формасына ие болады. Өндіріс факторлары(экономикалық теориядан білетініміздей) әдетте,  іріленген түрінде: 1) еңбек өндіріске тартылатын жұмыс күшінің жиынтығы ретінде; 2) капиталөндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің материалдық формасы ретінде; 3) жер табиғи ресурстардың жиынтығы ретінде; 4) кәсіпкерлік қабілет өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша шешуші әрекет ретінде қарастырылады. Енді осы өндірістен пайда болған нәтижелер материалдық (тауарлар) және материалдық емес (қызметтер) формаға ие болады. Кез келген өндіріс үрдісінің өзіндік ерекшелігі болады, яғни белгілі бір технология арқылы қолданылатын факторлардың сандық және сапалық жағынан тиімді әдісін анықтауға болады.

Өндіріс үрдісін талдау кезінде өндіріс факторларының саны мен құрылымын өзгертудің мүмкіндіктеріне байланысты қысқа мерзімді (бұл мерзімде ең болмағанда бір ғана фактор тұрақты болып қалады) және ұзақ мерзімді (бұл мерзімде өндірістің барлық факторлары өзгермелі болып табылады) кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

Өндіріс факторларын өзара алмастыру мәселесі ұзақ мерзімді шеңберде талданады, яғни бұл кезеңде барлық факторлар өзгермелі болып табылады. Бұл жерде өндірістік мүмкіндіктер өнімнің бірдей көлемін шығаруды қамтамасыз ететін факторларды қолданудың барлық мүмкін комбинацияларын көрсететін қисықтың – изоквантаның көмегімен сипатталады. Изокванта  -өндірістік функцияны көрсетудің графикалық формасы.

 

Қарапайым Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен рөл атқарады.

Экономиканы басқару жүйесі (өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу,  айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің  ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экон­оми­калық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономи­калық аспектілер үлкен маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса — тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (форма­ларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосым­ша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латынамерикалық  және африкалық елдерде басым, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады.

Кеңейтілген  ұдайы өндіріс — тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі.

 

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 89
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь