пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

3. Экономистер неге ресурстар шектелі, ал қажеттіліктер шектеусіз деп ойлайды?

Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаларға негізделеді: шексіз қажеттіліктер мен шектеулі ресурстар. Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын шексіз, ал осы игіліктерді жасауға қажетті РЕСУРСТАР шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды – материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты жолын іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды.

Қажеттіліктер – бұл адамдардың белгілікті пайдалығы бар игіліктерді сатып алу және пайдалану ниеті. Экономикалық игіліктерді өндіру үшін қоғамның потенциалдық мүмкіндіктері болып табылатын ресурстар пайдаланылады. Өндіріс процесінде ресурстар өндіріс факторларына түрленеді. Өндіріс үш әртекті фактордан тұрады:капитал, жер, еңбек. Ресурстардың шектеулігі жағдайында таңдау мәселесі туындайды. Сондықтан кез-келген қоғам қандайда жолмен болмасын үш іргелі Өзара байланысқан экономикалық мәселедерді шешуі тиіс:

1. Не өндірілуі тиіс?

2. Қалай өндірілуі тиіс?

3. Кімге өндірілуі тиіс? Ең аз шығындар кезінде барынша көп табыс алу қамтамасыз етілетін шешім дұрыс болады. Қабылдаған шешімдердің негізгі өлшемі – ұтымдылық.

 

 

 


22.12.2014; 20:25
хиты: 1297
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь