пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

1билет. Экономикалық теорияның пәні есебінде «экономика» терминінің түсінігін беріңіз.

Қазіргі кезде адамдар әр түрлі қажеттіліктерді  қажет етеді. Осы қажеттіліктерді қамтамасыз етумен, адамдардың күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру мәселелерімен экономика айналысады.

Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia - үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн.

-біріншіден, экономика бұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады;

- екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады;

- үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады.

 

Экономика

Бұл

адамның шаруашылық қызметімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынас.

бұл

әр түрлі аймақтардың, елдердің шаруашылық жүйесі болып табылады.

бұл

қоғамның шаруашылық өмірінің қандай да бір бөлігін зерттейтін ғылыми пән.

Мысалы

нарықтық,әкімшіліктік-әміршілдік экономика және т.б.

Мысалы

Қазақстан экономикасы,дүниежүзілік экономика

Мысалы

өнеркәсіптік,ауыл шаруашылық экономикасы және т.б.

Қазіргі экономиканың негізгі элементтері болып мыналар табылады:

1. Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде.

2. Шынайы табиғат – ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы. 3. Жасанды табиғат – адамның қолымен жасалған барлық құрал-дар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т.б.

 

Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде экономика жайындағы кешенді, жалпы теориялық ғылым – экономика теориясы екендігін есте ұстаған жөн.

Экономикалық теория – бұл адамдардың шексіз қажеттілікте-рін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айыр-бастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.

Экономикалық теория – бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым. Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде адам-дардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді.


22.12.2014; 20:25
хиты: 73
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь