пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

58. Елдің төлем балансының мәні мен құрылымын көрсетіңіз.

Кез келген елдің дүние жүзінің басқа елдерімен экономикалық байланыстары оның төлем балансында бейнелеп көрсетіледі.

Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүние жүзінің басқа елдерімен шаруашылық операцияларды жалпы қорытып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі Ол мына бөлімдерді кіріктіреді:

ағымдағы шот (сауда балансы);

капиталмен және қаржылармен операциялардың шоты (күрделі шот), қателер мен рұқсатнамалар, жалпы баланс; қаржыландыру (соның ішінде резервтік активтер); (1 кесте).

Ағымдағы шот мыналарды бейнелеп көрсетеді: тауарлармен операцияларды - экспорт пен импортты; қызметтерді - жүк, жолаушылар тасымалы, байланыс, туризм қызметтері; техникалық көмек; қарыздардан, кредиттерден алынатын табыстар; трансферттер; ізгіліктік көмек; техникалық жәрдемдесу; гранттар.

Кейде қызметтер факторлық және факторлық емес болып бөлінеді. Факторлық қызметтер көрсету өндіріс факторларын - еңбек пен капиталды пайдаланудан алынған табыстардан тұрады, бұл қызметшілерге берілетін өтемақылар, инвестициялар мен резервтерден түсетін табыстар; капиталдан түсетін табыстар, дивидендтер, пайыздар, басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін. Факторлық емес қызметтер көрсету жүк және жолаушылар тасымалдарын, байланысты, туризмді, көрсететін консультациялық және оқыту қызметтері түріндегі техникалық көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді кіріктіреді.

Капиталмен және қаржылармен операциялардың шоттары тура шетелдік инвестицияларды тартуды немесе капиталдың шетелге қайтуын, портфелдік инвестицияларды, мигранттардың (жылыстау және құйылым) трансферттерін, коммерциялық кредиттерді, қарыздарды, басқа инвестицияларды (депозиттерді, валютаны және т.б.) бейнелеп көрсетеді.

Ағымдағы операциялар шоты және капиталмен шот өзара байланысты: біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың құйылымы есебінен жабылады; ағымдағы операциялардың актив шоты жағдайы кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды.

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 69
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь