пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

52.Ақша- несие жүйесінің мәнін түсіндіріп, мемлекеттің ақша- несие саясатына жалпы сипаттама беріңіз.

   Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін капитал қозғалысы.

   Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

  Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

    Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

    Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

   Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

•         қайта бөлу;

•         айналыс шығындарын үнемдеу;

•         айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

•         капиталдың шоғырлануын жеделдету;

•         ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

•         Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді

•         Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.

•         Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп атайды.

•         Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.

    Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді

   Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 72
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь