пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

49 Жұмыссыздық пен инфляцияның мәнін түсіндіріп, олардың бір- бірімен байланысын көрсетіңіз.

    Жұмыссыздық – елдегі  еңбекке   қабілетті  тұрғындардың  бір бөлігі өзіне пайдалы  еңбекпен айналысатын  кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық  әдебиеттерде  кез келген қоғамдағы  жұмыссыздық  құбылыстары  сипатына    байланысты фрикциялық  жұмыссыздық,  құрылымдық  жұмыссыздық, циклдік жұмыссыздық  болып  ажыратылады.  Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің  жұмыс орнын ерікті  түрде ауыстыруымен  және  жұмыстан  уақытша  босау кезеңдерімен  байланысты  (қызметкерлердің бір жұмыстан  екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс.  Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына  сұранымның  құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер  салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не  өзінің  кәсібіне (мамандығына)  сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не  жұмыс алу үшін  жеткілікті  біліктілігінің  жоқтығы салдарынан  жұмыссыз  қалады.

     Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

     Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс.          

    Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.

    Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:

1.        Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

2.        Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

•         алтынға;

•         тауар;

•         шетел валютасына.

•        

    Инфляцияға  қарсы  саясаттың екі бағыты бар: инфляцияға бейімделу, инфляцияны  жою. Біріншісінде, бағаға бақылау жасау, индексация жүргізу шаралары  қолданылады. Екіншісінде, жұмысыздықтың және экономикалық құлдырау есебінен инфляцияны  төмендету шаралары (Филлипс қисығы: жұмыссыздық  деңгейінің төмендеуі  бағаны қымбаттатады (жалақы өседі)).

    Өндіріс стагнациясымен, жоғары жұмыссыздық пен баға деңгейімен  қатар жүретін инфляциястагфляция деп аталады. Стагнация экономикалық өсімнің жоқ екендігін білдіреді

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 77
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь