пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

48 Рыноктік экономиканың дамуының себептерін түсіндіріп, дағдарыстың фазаларын көрсетіңіз.

  Рыноктық экономика - сұраныс пен ұсыныс негізінде жүргізілетін шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Рыноктық экономиканың артықшылықтары:

1. рынок тұтынушының сұранысы бар өнімді ғана өндіреді;

2. рынокта ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндігі жоғары;

3. рыноктағы бәсекенің әсерінен өндірушілер жаңа техниканы енгізуге ынталы;

4. рыноктағы субъектінің таңдау еріктілігі болады.

    Рыноктық экономиканың бірінші әрі маңызды элементі өндірушілер мен тұтынушылар болады. Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде, біреулерді тауар өндіріп, басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады.

    Рыноктық  экономиканың  екінші  элементі  ретінде  өндірістік  бірліктерді корпоративті  басқару базасындағы меншіктің жеке  немесе аралас нысандарымен айшықталатын экономикалық ерекшелік болады.

    Рыноктық экономиканың үшінші маңызды элементі- баға. Баға белгілі географмялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген рыноктық қатынастың әрекет сферасын аңықтайды.

    Рыноктық экономиканың төртінші элементі , оның орталық буыны- сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс рынокта тауарларға деген қажеттілік түрінде жүреді.Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан бағалармен ақша кезінде сатып ала алады.

    Рыноктық экономиканың соңғы элементі -  бәсеке. Ол пайданы мол табуға және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады.

    Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасыкелесідей:

1.        Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2.        Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3.        Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

4.        Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

1.        Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

2.        Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

3.        Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

1.        Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

2.        Инвестициялар өседі.

3.        Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4.        Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

5.        Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1.        Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

2.        Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3.        Тауарлардың бағасы өседі.

4.        Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

5.        Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 73
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь