пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

47. «Экономикалық өсу» терминін түсіндіріп,экономикалық өсудің кейнсиандық және неоклассикалық моделін көрсетіңіз.

    Экономикалық өсу - дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

    Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

1.      Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

        қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

        ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2.        Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің  экстенсивтік  факторлары :

        жұмыс күшінің санының өсуі;

        капиталдың көлемі өсуі.

3.        Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

 

       Кейнсиандық модель баға мен жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болымсыз өзгереді дегенге негізделген.

Кейнсиандық тұжырымдама, егер тұтас сұраным жетімсіз болса, онда өндіріс көлемі жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы әлуетті сұранымға тең болмайды. Икемсіз баға кезінде экономика жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде ұзақ уақыт бойы тоқырау жағдайында болады.

Бұл модельден шығатын қорытынды — мемлекет сұранымды ынталандыруға бағытталған белсенді макроэкономикалық саясатты жүргізе отырып, экономиканың дағдарыстан шығуына ықпал етуге тиіс.

    Неоклассикалық модель

    Экономикалық   өсуге  анализ   жасағанда,  неоклассиктер  біріншіден, өнімнің  бағасы   барлық  өндіріс  факторларымен   жасалады;  екіншіден, өндірістің  әрбір  факторы   өнімнің   бағасан   жасауға  барлық   шектік өнімдермен  сәйкес  өзінің  үлесін  қосып,  осы  шекті  өнімге   тең  табыс көреді;   үшіншіден,  өнім  өндіруге   қажетті   өнім  мен  ресурстар  арасында  сандық  байланыс  болғандықтан;   төртіншіден,  факторлардың  дербестігі мен  өзара  ауыспалдығынан  шығады.

 

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 75
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь