пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

46. «Жалпы экономикалық теп-теңдік» терминін түсіндіріп, жалпы сұраныс пен жалпы ұсыныстың модельдерін көрсетіңіз.

Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық моделі классикалық концепцияның басты постулаттарына негізделеді. Классикалық мектеп принциптеріне сәйкес экономика бір-бірінен тәуелсіз екі секторға бөлінеді: ақша және шынайы экономика секторлары. Шынайы экономикада тауарлар мен қызметтердің шынайы ағынының қозғалысы жүріп жатады. Ақша экономикасында осы ақша ағындарға тікелей зиянын тигізбей, тек қана осы ақша айналымына қызмет көрсететіп жатады.

Бұл моделде үш рынок қарастыралады: еңбек, капитал (құнды қағаздар) және игіліктер. Бұл рыноктарда екі макроэкономикалық субъектілер өзара ынтымақтастықпен әрекет жасайды: үй шаруашылығы және кәсіпкерлер.

Сұраныс – сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны. Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Сұраныс қисық сызығының практикалық мәні: оның көмегімен өндірушілер тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға – сұраныс бағасы туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады.

Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:

1.        сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.

2.        кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады (керегі аздау қажеттілікті қанағаттандырады), демек, оларға баға кеміген (азайған) жағдайда алынады.

3.        кіріс (табыс) әсері және ауысу әсерімен. Кіріс (табыс) әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында (жағдайында) тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады. Кіріс (табыс) және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда тыңғылықты (толық) қаралады.

Бағалардан басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де графикте сұраныс қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді.

 Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңыдеп аталады да графикалық – ұсыныстың қисық сызығы түрінде бейнеленеді. Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары ықпалымен болып жатады – өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді.

Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді – сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 85
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь