пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

45. Жалпы ұсыныс қалай қалыптасады және оған қандай факторлар әсер етеді?

 Жиынтық ұсыным дегеніміз - өндірілген ұлттық өнімнің барлық элементтерінің ақшалай көрінісіндегі ұсынымның топтастырылған деңгейі.

Жиынтық ұсыным - бұл қалыптасқан баға  деңгейіне сәйкес ұсынылатын және  өндірілетін тауарлар менқызметтердің жалпы саны.

Баға деңгейі мен жиынтық ұсыным арасында тура қатынас болады. Баға деңгейі өскен сайын ұсыным да өседі.

Баға индексін есептеу үшін нақты уақыттағы анықталған жиынтықтағы тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасын базалық уақыттағы сондай тауарлар мен қызметтердің жиынтық бағасына бөлеміз.

Жиынтық ұсыным құрылған ұлттық өнім мөлшері мен баға өзгеруінің ұдайы өндірісін көрсетеді.

Жиынтық ұсынымның өзгеруіне әсер ететін факторлар:

а) шығынның үлестік деңгейі;

ә) өндіру деңгейі;

б) өндіріс факторлары жүйесіндегі өзгерістер;

в) өндірістік аппараттағы, ғылыми-техникалық, интелектуальды және ұлттың мәдени-білім деңгейіндегі өзгертулер;

г) мемлекеттік саясат.

 

 

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 82
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь