пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

38-билет Экономикадағы жалпы тепе-теңдік теориясының мазмұнын ашып,әл-ауқат экономикасы түсінігін ашып көрсетіңіз

.Сан алуан жанама, сондай-ақ тура нысандар мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге ықпал жасау олардың қаржылық түрлерін кіріктіреді. Бұлайша ықпал етудің мақсаты - ұлттық шаруашылықтың эволюциясын қамтамасыз ету, бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің белгілі бір уақыт кезеңдерінде әлеуметтік сфераны дәйекті бұлжытпай дамыту.Экономиканы реттеу үдерістерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда мүмкін болатынын есте ұстаған жөн.Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді ұйғарады:

•         сұраным мен ұсыным;

•         тауар және ақша массасы;

•         жинақақша мен инвестициялар;

•         инфляция және жұмыссыздық;

•         еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу;

•         қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;

•         мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары;

•         бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері;

•         төлем балансының активі мен пассиві.Аталған ара қатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңдікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында үйлесімсіздікті тудыратыны анық.

Бұдан басқа, макроэкономикалық деңгейге мүдделердің, қажеттіліктердің және олардың артында тұрған ірі экономикалық объектілердің: секторлардың, ұлттық шаруашылық салаларының, өңірлердің, шаруашылық кешендердің мүмкін болатын ресурстарының үйлесімсіздігі шығады. Егер бұған реттеудің жоғарыда аталған параметрлері мен объектілеріне қосылатын қажеттіліктер мен ресурстардың компоненттерін біріктіретін шаруашылық жүргізудің кейінгі (келесі) деңгейлерінде қажеттіліктер мен ресурстарды теңестірудің қажеттігін қосса,онда толық макроэкономикалық тепе-теңдікке жету елестетпелі міндет болып қалатынымен келісуге тура келеді. Нағыз экономикалық қызметке (кез келген экономикалық жүйеге сияқты) осы мезетте қоғамда іс-әрекет ететін қарама-қарсылық күштер мен үрдістердің, шаруашылықтық мінез-құлықтың топтауырындарын (стереотиптерін), әр түрлі бағыттағы мүдделерді бейнелеп көрсететін «тепе-теңсіздіктің қалыпты жай-күйі» тән қасиет. Мұндай жарым-жартылай жай-күйлердің көбінің жиынтығы барлық экономикалық параметрлердің белгілі бір теңгерімділігін қанағаттандырады. Сондықтан да экономикалық жүйенің жарым-жартылай тепе-теңдігінің бір жай-күйінен экономикалық параметрлердің көп санының теңгерімділігін жақсартуға жауап беретін және қоғамның ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа тепе-теңдігіне эволюциясы кезінде ықпал етудің нысандары мен әдістерін дүркін-дүркін өзгертіп отыру ұйғарылады.

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 69
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь