пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

35-билет Олигаполиялық рыноктегі фирманың іс-әрекетіне сипаттама беріңіз.

Олигополия (гр. olіgos – аздаған және poleo – сатамын‚ сауда жасаймын) – рынокта аздаған ірі компаниялар мен бірқатар шағын фирмалар әрекет ететін жағдай. Олардың әрқайсысының өнімі ұқсас үрдісте болады‚ сондықтан жеке жеткізушілер сатып алушыны тарту үшін өнімге айрықша сипат беруге күш салады. Мұның өзі саралау деп аталады. Мұндай рынокқа басқа фирмалардың (компаниялардың) кіруі әдетте қиын болады‚ ал бағаны бақылау олардың бір-біріне тәуелділігі себепті шектелген‚ онда бағадан тыс күшті бәсеке әрекет етеді. Олигополия рыноктың қайсыбір тұрақтылығын туғызады. Жеткізуші бағаны төмендетпейді‚ өйткені оның бәсекелестері дереу бағаны түсіреді. Бұдан сатып алушы ұтады. Бағаны көтерудің де мәні жоқ – рыноктан айырылып қалуы мүмкін. Бәсеке бағадан тыс салада – жарнамада‚ өткізімді ынталандыруда‚ сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуде‚ кепілдіктер мен несие беруде пайда болады. Рыноктағы бағаны ірі компаниялар айқындайды‚ ал шағын фирмалар солардың соңынан ілеседі. Егер қайсыбір компания рыноктағы өзінің жайғасымын жақсартқысы келіп‚ бағада жетекшілік жасайтын болса‚ онда ол мұны пайданы азайту есебінен жүзеге асырады.Олигополияның дамуына септігін тигізетін факторлар: фирмалардың қосылуы жолымен өндіріс пен капиталды үдемелі түрде шоғырландыру және осы орайда өнімнің бір өлшеміне жұмсалған шығынды азайтудан алынған нәтиже; рынокқа билік жүргізу – рынок пен бағаны бағалау қабілетіне ие болу; баға мен өндіріс көлемін айқындау кезінде бәсекелестердің іс-әрекетін мұқият ескеру. Монополистік бәсеке моделіне қарағанда антитрестік заңнама үшін олигополия теориясы өте маңызды болып келеді. Оның негізгі постулаты былай, егер рынок бірнеше сатушылардантұратын болса, онда барлық сатушылар белгілі дәрежеде өздерінің өзара тәуелділіктерін мойындайды. Сол себепті әрбір сатушы шығарылатын өнімнің көлемін және бағасын белгілей отырып рыноктағы өз үлесін ұлгайту мақсатында бағаны төмендетпейді деген сөз, себебі олар өздерімен бәсекелестіктегі сатушылардың да өздеріне дәл солай жауап қатып, бағаны азайтуын күтеді, сонда ғана түскен тауар тез өтетін болады.Осының нәтижесінде олигополистік сатушылар үйлестіру мен болжалдауға назар тіктейді. Бәсеке бүркемелеу арқылы бағаны төмендетуден (сапаны жақсарту, несие шарты, жеткізіп беру қызметтері арқылы, тіпті болмаса, жасырын ішінара бағаны азайту арқылы) және бағалық емес, бәсекеден, мысалы, өнімдерді бөлшектеу, жарнама және өнім таратуды ынталандырудан көрініс табады. Мұндай бәсеке, алайда, бәсекелестердің қарсы шаралары алдындағы қорқынышқа немесе орташа жиынтық шығындардың өсуіне орай шектелінеді (ол олигополистік үстеме таза табысты бөліп шығарудың мүмкін еместігіне жеткізеді). Монополистің бәсекедегі олигополияның қарама-қайшылығы — бәсекелес сатушылардың көптігінен таза табыс мөлшерлі деңгейге дейін төмендейді, олардың әрқайсылары бәсекелестерінің есебінен рынокта өз үлестерін ұлғайтуға тырысады. Сол себепті фирмалар арасында үйлесу мүмкін емес.Демек, бір жағынан олигополия арасында, және екінші жағынан, бәсеке мен монополия (тіпті монополиялық бәсеке) арасындағы негізгі теориялық айырмашылық болып, олигополиялық рынок жағдайында баға және өнімдер саны туралы шешім қарсыласыңның қас-қабағын ескере отырып қабылданатын болып табылады. Бәсеке жағдайында істеп жатқан бірде-бір фирма, бірде-бір монополист басқалардың қас-қабақтарын ескермейді, — нақтылы сатушы да өз бәсекелесіне ықпал ете алмайды, ал монополисте күресерліктей жеткілікті қарсылас тіптен жоқ. Басқа жағынан алғанда, олигополистер арасындағы үйлесім жетіле қояр ма екен — олардың шығындарының қисық сызықтары (көрсеткіштері) өзгешеленуі мүмкін, ал тиімдірек жұмыс істейтін фирмаларда шектеулі шығын немесе тіпті одан да жоғары, бірақ «нарықтық» бағадан төмен денгейде өнімдерді өткізуді ұлғайту үшін бағалардың біркелкі төмендеуін іске асыруға салдарлы себептер болуы мүмкін. Олигополия теориясы, олигополия жағдайындағы баға құрылымы мен шығарылатын өнім саны туралы шешім монополия жағдайындағы шешімдермен бірдей, дұрысы, бағалар да, өнім шығару да болжанған бәсекелі және монополистік деңгейлер арасында болады деп күтіледі.Олигополистерге де және монополистерге де басқа фирмалардың әрекеттері ықпал етеді.Олигполистің баға стратегиясы оның   шығындарымен   ғана   емес,   сонымен   бірге   онын,   бәсекелесінің баға стратегиясын есептеуімен анықталады. Монополистің бағасы оның шығындарымен және монополис тауарына сұранымның қисық сызығымен (көрсеткішінің) анықталынып, ауыстырылатын тауардың бағасымен белгіленеді. Олигополистер мен монополистер арасындағы айырмашылық мынаған саяды: бәсекелес фирмалардың әрекеттері олигополиске ықпал етіп ғана қоймайды, сондай-ақ оның әрекетіне бағынышты да болады. Ситуация өзара тәуелділікпен сипатталынады, ал әрбір олигополистің әрекеттері мен қарсы әрекеттерін алдын ала айту қиын. Жетілген және жетілмеген бәсекелердің негізгі ұғымын оқып, үйренудің антимонополиялық заңнаманы зерттеймін деген заңгерлер үшін өте үлкен мәні бар, себебі ол антимонополиялық саясаттың жеке экономикалық өкіметтің қиянат жасамауын бақылау арқылы тұтынушы тұрмысының әбден жақсартуға көмектесуге болатындығын көрсетеді. Антимонополиялық заңнаманы қолдану бәсекелі рынок жүйесін, ол қалай жұмыс істейді, оған қандай шектеу тән және оны неге қорғау керек деген сауалдарды түсінуді талап етеді.

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 77
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь