пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

34-билет Монополиялық рыноктегі фирманың іс-әрекетіне сипаттама беріңіз.

Монополия —  бұл  мемлекеттердің,  фирмалардың,  ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. Монополияның түрлері:

• табиғи монополия;

• жасанды монополия.

«Монополияның үш негізгі көзі бар: «техникалық түсінік», тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім. Қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады».Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады. Монополиялық бағаның құрылуына қарсы  сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі «таза шығындар» дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр. Монополистер (тағы басқа кімдер болса да) кейбір тұтынушылар үшін бұл шығындардың орнын толтырмайды, өйткені моно-полист өзі шығарған өнімнің санынан табыс таппайды. Қоғам кедейлене түседі, себебі тауарды алмастыратын төменгі сапалы заттарды шығаратын салаға қарағанда, өндірістік ресурстарды өнім санын қысқартатын экономика саласында одан да тиімді пайдалануға болар еді.Біздің ғасырымыздың 30-шы жылдары Эдуард Чемберлен жасаған монополистік бәсекенің теориясы өзінің мақсаты етіп жетілген бесеке мен монополияның тайталастық күштерін жарастыруды қояды, алайда ол мақсат сөзсіз олардың орташа арифметикасы болып табылмайды. Егер рынок келесі белгілермен сипатталынатын болса, онда монополистік бәсекебар деп саналады:

 

1. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болуы, мұның үстіне олардың бәрі ұсақсатушылар (немесе сатып алушылар) болып келеді.

2. Барлық сатып алушылар мен сатушылар рыноктагы баға туралы және сатылатын тауарлардың сипаттамалары туралы ең соңғы ақпараттарды біледі.

3.    Рынокқа шығу және одан кетудің толық еркіндігі бар.

4. Сатушылардың   өнімдері   өртекті   болып   келеді.   Сатып алушының көзқарасы тұрғысынан әрбір сатушының өнімі белгілі дәрежеде кез келген басқа сатушының өнімінен аздап болса да өзгешеленеді.

Төртінші белгісі шешуші болып саналады — әрбір өндіруші басқалардан гөрі өзгешелеу, бірақ алмастыруға болатын өнімдерді сатады. Рынокта көптеген сатушылар бар, алайда, олардың әрқайсыларының өнімдері бір-бірінен басқалау және осы қызмет саласында басқа өндірушілердің сатып жатқан өнімдерімен де өзгешелеу болып келеді. Ол фабрика таңбасына қарап немесе басқаша белгі  салу тәсілдерінін арқасында ажыратылады.

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 81
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь