пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

31-билет Рыноктік құрылымдардың көптүрлілігінің себептерін түсіндіріңіз.

Нарық — тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) лар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құн, баға,[ [бәсеке]], сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді: меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен;осы елде пайдаланатын сауданың түрлеріменОсы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық, қызметі бойынша: игіліктер мен қызметтер нарығы; өндіріс құралдарының нарығы;ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;құнды қағаздар нарығы;жұмыс күші нарығы.Нарықтық көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара өсер етуінің барлық жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады: өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;халық тұтынатын тауарлар;азық-түлік тауарлар нарығы;шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары.Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық-түлікке және ауыл шаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық өнімдер қоры жасалады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейді, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекеліктің кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердің көбейуін тілейді.Кеңістік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтар болады: аймақтар ішіндегі;аймақаралық;республикалық;республикааралық;халықаралық (әлемдік) нарықтар.Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік егемендігін қамтамасыз етеді.4. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:монополиялық;олигополиялық;салааралық нарықтар.5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді;бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар — жеке азаматтар;ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Бұнда сатып алушы мемлекет, сатушылар — ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: совхоздар, колхоздар, фермерлер, агрокешендер және т.бКөтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі — жабдықтаушы (жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр еңбек кооперациясы тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін комбинаттары, автомобиль және шина жасайтын зауыттар). Бұндай байланыстарда келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және белсенді құралы болады. Көтерме сауданың екінші түрі — коммерциялық орталықтар, биржалар. Бұл түр өніммен қамтамасыз етушілерді көптеген ұсақ тұтынушылар пайдаланғанда орын алады. Көтерме сауда тек белгілі экономикалық және әлеуметгік жағдайларда мүмкін болады.6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:занды, ресми нарықтар;анды емес, «көлеңкеленген» нарықтар, т.б.

Нарықтың түрлері бойынша жіктеуНарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік береді. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:тұтыну тауарларының нарықтары — азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы;қызметтер нарығы — тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер;тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы.Өндіріс факторларының нарығы: жылжымайтын мүліктер нарығы;енбек құралдарының;шикізат пен материалдардың;қуат ресурстарының;пайдалы қазбалардың нарықтары.Қаржылар нарығы:капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар;несие нарықтары;құнды кағаз нарықтары — акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар, және фьючерстік контрактардың т.б.;валюта-ақша нарықтары.Интеллектуалдық өнімдер парығы — инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық кызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.Жұмыс күні парығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы зандарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

 

 

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 73
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь