пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

29. Өндіріс шығындарының құрамын ашып, олардың өндірісті оптимизациялаудағы ролін көрсетіңіз.

Шығындар – бұл факторлардың ақшалай түріндегі шығындары.

Экономикалық әдебиетте шығындардың бірнеше түрі белгілі (бұл мәселе бойынша әр түрлі пікірлер бар).

1. Өндіріс шығындары және айналым шығындары. Өндіріс шығындары өндіріс аясында, ал айналым шығындары айналым аясында пайда болады.

2. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Бухгалтерлік шығындар – ол есепті кезеңде орын алған өндірістің нақты шығындары. Дәл осы шығындар фирманың бухгалтерлік есебінде көрсетіледі. Шығындар баламалы да болады – олар факторларды пайдаланудың баламалы кұны. Баламалы шығындардың мәнін мысалда көрсету оңай. Кез келген кәсіпкерде (жалпы кез келген экономикалық субъектіде) бар ресурстарын (қорларын) пайдаланудың бірнеше балама амалдары бар. Ол өндіріс процесін (үдерісін) ұйымдастыруы мүмкін – ғимаратты жалға алуға, негізгі және айналым капиталға ие болуға, жұмыскерлерді жалдап, өндіріс ашуға – бұл жағдайда ол өндіріс көзге көрінетін шығындарға тап болады. Бар ақшасына банкте депозиттік шот ашып, салым бойынша пайыз түрінде пайда, түсім алуы мүмкін. Егер кәсіпкер қорларды пайдаланудың бірінші амалын таңдаса, ол алмаған банк пайызы көзге көрінбейтін шығындар сомасын құрайды. Сонымен, көзге көрінбейтін шығындар қорларды пайдаланудың екі балама амалының біреуін таңдағанда, қолдан жіберіп алған (айырылып қалған) пайда болып келеді. Көзге көрінетін және көзге көрінбейтін шығындар экономикалық шығындарды құрайды.

3. Сыртқы және ішкі шығындар.Сыртқы шығындар – сырттан келтірілетін қорлар (ресурс) үшін төлем (жалданған жұмыскерлердің жалақысы, жалға төлеу, шикізат, отын, көлік және де басқа қызметтер үшін жеткізушілерге төлем). Ішкі шығындар – өзінің иесіндегі жеке пайдаланатын қор үшін төлем. Мысалы, егер кәсіпкер өзі тікелей өндірісте немесе өндірістің ұйымдастыруында қатысып, өзі еңбектенсе, алынатын табыс ішкі шығындар болып саналады.

4. Өндірістің бухгалтерлік (көзге көрінетін) шығындары. Олар тұрақты және ауыспалы болады.

Тұрақты шығындар – өндіріс көлемдерінің өзгерістеріне байланысты шамалары өзгермейтін шығындар, яғни, оның қызметі пайдалы немесе шығынды болғанына қарамастан фирма әрқашан оларды жабуға тиісті. FC (fixed costs). Оған: жалға төленетін төлем, сақтандыру жарналары, салықтардың кейбір түрлері және т.б. кіреді. Ауыспалы шығындар – өндіріс көлеміне байланысты шамасы өзгеретін шығындар. VC (variable costs). Бұл мынадай шығындар: шикізатқа, материалдарға, электр энергиясына, көлік және басқа да қызметтерге кететін шығындар. Тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасы жалпы (жиынтық) шығындарды құрайды. TC (total costs): TC = FC + VC. Кобба – Дуглас моделі (үлгісі) үшін жалпы шығындар функциясының түрі:

TC = PKK + PLL, мұнда K,L – капитал және еңбек бірліктерінің саны: PK K, PLL – капитал мен еңбектің бағалары

Келтірілген жіктеудің сызбасы:

Сыртқы               Ішкі

 

Шығындар

 

 

Бухгалтерлік (көзге көрінетін) + көзге көрінбейтін = экономикалық

Тұрақты + ауыспалы = жалпы

 Экономикалық талдау үшін орташа және шекті шығындардың есебі орынды.

Орташа шығындар – өнім бірлігіне есептелген жалпы шығындардың шамасы:

ATC (AC) = TC/Q;

AFC = FC/Q; AVC = VC/Q;

ATC = AFC + AVC.

 

Шекті шығындар – бір бірлікке өндіріс көлемінің өсуімен туындаған валдық (жалпы шығындардың өсуі):

MC = Δ ТC/ΔQ

Таяу уақыттан бері микроэкономикада шығындардың ерекше түрі – трансакциялық шығындар зерделенеді. Трансакциялық шығындар (лат. Transactio – мәміле) – өндіріс үдерісімен емес, айналыс аясымен емес, мәміле жасау барысында нарықтық агенттерінің өзара әрекеттесу үдерісімен байланысты шығындар. Экономикалық теорияда олар инсти­туционалистер арқылы пайда болды. Осы бағыттың өкілдері экономикалық талдауға әлеуметтік-саяси пәндердің элемент­терін еңгізіп, (Т. Веблен, Дж. Коммонс, Дж. Гэлбрейт, Р. Коуз) фирма теориясына көптеген жаңалықтарды әкелді. Р. Коуздің пікірінше, трансакциялық шығындар нарықтық агенттердің ақпаратты іздеу мен талдауға уақыты мен күшін жіберу (шығару) қажеттілігімен себептелген (әлуетті сатып алушылар, жеткізушілер, бағалар мен тауарлар жөнінде), келіссөздер, оларға бақылау жасау, келіссөздердің заңдық қамтамасыз етуі және т.б.

 

2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары

 

Өндіріс шығындары шығарудың функциясы: C = f (Q), мұнда С – шығындар (costs). Шығындар функциясының түрі өндірістік функцияның тұрпатымен анықталады, ал олардың шамасы – өндіріс факторының құнымен. Шығындар шамасы мен шығару араларындағы графикалық тәуелділік шығындардың қисық сызықтары арқылы білінеді. Шығындарды ең алдымен қысқа мерзімді кезеңде талдайық. Бұл уақыттық аралықта факторлардың жартысы сол күйінде, өзгеріссіз қалады, демек, шығындарды тұрақты және ауыспалыға бөлуге болады.

Тұрақты шығындар графигі түзу түрінде көрсетіледі, өйткені олардың шамасы өзгермейді, ауыспалы шығындар графигі – ұлғаймалы қисық сызық (олар өндіріс көлемінен тура тәуелділікте болады), валдық (жалпы) шығындар графигі – ол тұрақты шығындардың шамасына өскен (көбейген)   ауыспалы шығындардың қисық сызығы.

 

 

 

          C                                                         TC    

 

                             FC                       VC

 

 

 

                                                       FC    

 

                                                              Q

52 сурет.Тұрақты, ауыспалы және валдық шығындар

 

Орташа тұрақты шығындар графигі төмен түсетін қисық сызық болып көрінеді, бұндай пішіннің себебі – тұрақты шығындар шамасы шығару көлемінің өсуінен өзгермейді. Орташа ауыспалы шығындар динамикасы кемушілік қайтарым заңының әрекетіне байланысты, графикте олар ұлғаймалы қисық сызығының түрінде көрсетіледі. Орташа валдық (жалпы) шығындардың пішіні тұрақты және ауыспалы шығындардың нақты мағыналарынан тәуелді: егер FC>VC, АТС қисық сызығы төмен түседі; егер FC<VC болса, AFC төмендеуі AVC өсуімен білінбейді де, АТС қисық сызығының түрі – ұлғаймалы болады. Өндіріс кемушілік шекті өнімділік заңына бағынатын қысқа мерзімді кезеңде бір жақтан орташа және екінші жақтан, шекті өнім мен орташа және шекті шығындар араларында кері тәуелділік бар. МС және AVC шығындардың қисық сызықтары ауыспалы факторлардың АР және МР қисық сызықтарының айнадай бейнелеуі болып табылады (54 сурет).

          C                                                                ATC

 

                                                              AVC

 

 

 

 

                                                              AFC

 

 

53 сурет.Орташа тұрақты ауыспалы және валдық (жалпы) шығындар

MP, AP          MPmax

                                             APmax

 

 

                                                   MPL

                                                                     APL

                                                                    L

AVC, MC

                                                                         AVC

                                                  MC

                                               AVCmin

 

                                                                     Q

 

54 сурет.Орташа және шекті өнімнің қисық сызықтары мен орташа және шекті шығындардың қисық сызықтары

 

Алдында, ауыспалы фактордың қайтарымы өскенде, шекті шығындар азаяды, демек, орташа ауыспалы шығындар азаяды. Сонан соң, жоғары шегіне жеткенде, ауыспалы фактордың қайтарымы, кемушілік қайтарым заңына сәйкес, түседі, демек, шекті шығындар өсе бастайды, ол, кейінірек, орташа ауыспалы шығындардың өсуіне әкеледі.

Шекті және орташа өнім шамасы араларында тәуелділік болуына сәйкес шекті және орташа шығындар араларында да тәуелділік бар (55 сурет).

1. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар төмендейді, егер шекті шығындар орташа ауыспалы шығындардан аз болса (МР<АVC );

2. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар өседі, егер шекті шығындар орташа ауыспалы шығындардан көп болса (МР>АVC);

3. Орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындар қисық сызықтарының шекті шығындар қисық сызықтарының көбеюші, үдеуші бөлігімен қиылысу нүктесінде азаяды.

4. Өндіріс көлемінің өсу барысында орташа ауыспалы және орташа валдық (жалпы) шығындардың қисық сызықтары жақындайды (өйткені орташа тұрақты шығындар азаяды).

C                                                MC        ATC

                                                                                       AVC

 

 

 

 

 

 

                                                                 AFC

                                                                                        Q 

55 сурет.Қысқа мерзімді кезеңдегі шекті және орташа шығындардың қисық сызықтары

 

Шығындар қисық сызықтарының жағдайы факторлар бағалары мен бұл фактор ауыспалы немесе тұрақты болуына байланысты. Тұрақты фактор бағасының өсуі AFC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады (шығындар өседі); бағасының төмендеуі – оларды төменге ауыстырады (шығындар азаяды). Ауыспалы фактор бағасының өсуі АVC және АТС қисық сызықтарын жоғарыға ауыстырады, ал МС қисық сызығын – солға; ауыспалы фактор бағасының төмендеуі – АVC және АТС қисық сызықтарын төменге ауыстырады, ал МС қисық сызығын – оңға. Қысқа мерзімді кезеңде (оны эмпиризмдік талдаулар дәлелдейді) ауыспалы фактордың тұрақты қайтарымы орын алады. Графикалық түрде ол орташа шекті шығындардың «кең жалпақ түбін» көрсетеді.

 

3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар

 

Ұзақ мерзімді кезеңде шығындардың қисық сызықтары өндірістің әр түрлі көлемдері үшін олардың ең аз маңызын көрсетеді. Сондықтан, ұзақ мерзімді орташа LRAC (long run average costs curve) шығындар қисық сызығының графигі өндірістің әр түрлі көлемдерінің қысқа мерзімді орташа шығындарының қисық сызықтарына қатысты жанама болып келеді де (56 сурет), «орауыш қисық сызық» деп аталады. Ұзақ мерзімді шекті LRMC шығындардың қисық сызығы қысқа мерзімді шекті шығындардың қисық сызықтарына сәйкес салынады.

 

 

C                                                      AC5

               AC1                                                LRAC

                                         AC4

AC2  AC3

 

 

 

        Q1      Q2            Q3              Q4        Q5

56 сурет.Ұзақ мерзімді орташа шығындар қисық сызығы

 

Графикте көрсетілгендей, ұзақ мерзімді кезеңде орташа шығындардың шамасы Q3 өндіріс көлеміне дейін түсіп, сонан соң өседі. Бұл ауқым әсерінің әрекетімен түсіндіріледі: алдында өндірістің кеңеюі дайын өнімдердің көбею қарқынына шығындардың өсу қарқынынан асып түсуіне жағдай жасайды (оңды ауқым әсері), сонан соң – керісінше (кері ауқым әсері). АС төмендеген өндіріс көлемі тиімді екені, АС өскенде – тиімсіз екені және АС азайғанда (Q3) – ең тиімді (нәтижелі) екені сөзсіз. Орташа шығындардың ең аз (шамалы) мағынасына сәйкес нүкте олардың шекті шығындар қисық сызықтарымен қиылысу нүктесі болып табылады (яғни LRAC = LRMC болған нүктесі 57 сурет).

 

 
 

 

 

 

          C                                                        LRMC           LRAC

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                        Q 

57 сурет.Ұзақ мерзімді орташа шығындар қисық сызығы және ұзақ мерзімді шекті шығындар қисық сызықтары

 

Сонымен бірге өндірістің тиімді көлемін іздеу мәселесі ауқым әсері мәселесімен ғана шектелмейді. Ауқым әсерімен қатар фирма өніміне деген сұраныс екінші маңызды фактор ретінде болып келеді. Q1 тең сұраныс тек қана шағын фирманың АС1 тең шығындарын жабады; ірі фирмалардың АС2,, АС3 тең шығындары Q1 сұранысы үшін өте көп (үлкен). АС2 тең шығындарының мөлшері бар орташа кәсіпорын үшін Q2 тең сұраныс ең оңтайлысы. Q3 сұранысы үшін ірі фирма қажет, себебі тек қана сол шығару көлемінің тиісті сұранысы үшін АС3 ең аз шығынын қамтамасыз етеді.

 

 
 

 

 

 

AC2                          AC3

           C                                  AC1

 

 

 

 

 

 

 

                 Q1             Q2                      Q3                      Q

58 сурет.Фирманың оңтайлы көлеміне сұраныстың әсері (ықпалы)

 

 

 

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 84
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь