пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

23. Нарықтық ұсыныстың көрсеткіштеріне әсер ететін негізгі факторларды атап, сипаттаңыз.

. Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы  баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді.

Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.

Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.

Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.

Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:

а) баға;

ә) бағалық емес факторлар.

Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:

- Қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;

- Салықтар мен дотациялар;

- Табиғи-климаттық жағдайлар;

- өндіріс ресурстарының сапасы мен санының өзгеруі;

- ресурстардың бағаларының өзгеруі;

- күтім;

- маркетинг, бәсеке, жеткізушілер санының өзгеруі.

 Басқа факторлар өзгеріссіз қалғанда, тауардың бағасының өзгеруі сұраныс деңгейін өзгертеді және ұсыныс қисығын өз бойында жылжытады. Егер де баға өсетін болса, онда ұсыныс деңгейі де өседі, керісінше баға төмендейтін болса, онда ұсыныс деңгейіде төмендейді.

Баға тұрақты болған уақыттағы басқа факторлардың өзгеруі ұсынысты өзгертеді және қисықты бір жерден екінші жерге көшіреді.
Ұсыныс - бұл өндірушілердің сату үшін рынокта ұсынатын товарлардың мөлшері. Бағалар неғұрлым жоғары болса, өндірушілер рынокта өнімнің көлемін соғұрлым көп әкелгісі келеді және керісінше. Ұсыныс көлемінің өзгеруі товардың бағасының әсерінен және бағалық емес факторлардың әсерінен болады. Бағалық емес факторлардың ұсынысқа әсерін қарастырайық.
1.Ресурстардың бағасы. Олардың түсуі өндіріс шығындарын азайтады және ұсынысты көбейтеді, яғни ұсыныс қисығын оңға жылжытады. Ресурстарға бағаның өсуікерісінше әсер етеді.
2.Технология. Оның жетілуі ресурстарға бағаны түсіреді және 1 пунктте көрсетілгендерге әсер етеді.
3.Салықтар және дотациялар. Салықтың көтерілуі өндіріс шығындарын көбейтеді және ұсынысты азайтады. Қисық солға жылжиды.
4.Басқа тауарлардың бағасы. Олар ұсыныс қисығын қалай болса да жылжыта алады. Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді. График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеулілігі жоғары бағытталған. Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар: Өндіріс шығындары. Салық мөлшері .Технология. Субсидия. Ұсыныстың икемділігі – баға өзгерісіне байланысты рынокқа ұсынылатын тауарлар көлемінің өзгерісінің көрсеткіші. Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Еd) ұсыныстың өзгерісінің баға өзгерісіне қатынасы арқылы есептеледі Ed=∆Q/∆P Бәсекелі рыноктағы тепе-теңдік бағаның қалыптасуы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктеріне байланысты. Қорыта айтқанда, уақыт мерзімі өскен сайын ұсыныстың икемділігі жоғарылайды, ал бұл тиімді бағалардың қалыптасауына мүмкіндік береді. Бағаның өзгеруіне байланысты ұсыныстың бейімделу жылдамдығы экономикалы ресурстардың мобилділігіне тәуелді.

 

 



22.12.2014; 19:22
хиты: 80
рейтинг:0
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь