пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

I семестр:
» теория

15.Меншіктің түрлері, меншіктің көптүрлі болуын қалай түсіндіруге болады

Меншік– жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.

Меншік түрлері:

1.        Жеке меншік

a)        Жеке

b)       Жеке еңбектік

c)        Жеке капиталистік

2.        Ұжымдық меншік

a)        Серіктестіктер

b)       Кооперативтік

c)        Акционерлік

3.        Қоғамдық меншік

a)        Жалпы мемлекеттік

b)       Муниципалдық

 

Жеке меншік- жеке азаматттардың мүлікті жеке басының табыс көзі ретінде пайдалануын білдіреді. Иемденудің бүл түрі меншік иесінің экономикалық психологиясын қалыптастырады, яғни адамның шаруашылық тәсілі мен іс-әрекетінің белгілеріне әсер етеді.

Ұжымдық меншік- жеке меншіктен өзгеше, бірақ ұқсастықтары бар. Ұжымдық меншіктің ерекше белгілері:

a)        Жеке меншік иелерінің үлестерін біріктіру негізінде құрылады

b)       Ол жалпы мақсатта, ортақ  бақылак мен басқару арқылы пайдаланылады

c)        Мүлікті ортақтасып пайдаланудың экономикалық нәтижелері ұжымдық шаруашылыққа  қатысушылардың арасында әрқайсысының үлесіне қарай бөлінеді.

Серіктестіктер — коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны.

Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізденген ерікті бірлестігі.

Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы.

Қоғамдық меншіктің өзіндік ерекшеліктері:

a)        Біртұтас ұжымға біріккен заңды және жеке тұлғалар өндіріс факторлары мен нәтижелерін ортақтасып пайдаланады.

b)       Әрбір қатысушының мүліктік үлесі анықталмайды

c)        Меншіктен алынатын жалпы табыс қатысушылар арасында теңдей үлесте немесе әрқайсысының ұжымжық нәтижелерге қосқан еңбектік үлесіне байланысты бөлінеді.

d)       Мүлікті пайдалану, басқару барлық қатысушылардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік меншік – мемлекеттік меншік құқығына негізделген елдің барлық мүліктері.

Муниципалдық меншік – жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың меншік құқығының болуы.

 

Көптүрлілігі

    Шаруашылық практика меншік типтерінің, нысандырының және түрлерінің мәнін  ажыратуға құрылады. Бұнда меншік қатынастары шаруашылық қызметі ұйымдастырудың қандай да бір нысандарының негізі болып табылады. Олардың арасында диалектикалық байланыс бар. Бір жағынан, экономика құрылымы меншік құрылымына әсер етеді, оның түрлерінің көптігін жүзеге асырады. Екінші жағынан, шаруашыылқ жүргізу нысандары меншік объектілерін пайдаланумен, сондай-ақ өндірістің техникалық даму деңгейімен анықталады. Меншіктің бір түрінің немесе нысанының негізінде шаруашылық жүргізудің түрлі нысандары қалыптасуы мүмкін, ал бұл бәсекенің негізі болып табылады.

 

 

 

 

 


22.12.2014; 19:22
хиты: 6612
рейтинг:+2
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2024. All Rights Reserved. помощь