Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысандармен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығарылатын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметтің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық құқықтық формаларының келесідей түрлері бар:
–шаруашылық серіктестік;
–акционерлік қоғам;
–өндірістік кооператив;
– шаруа қожалықтары;
–жеке (дара) кәсіпкерлік.