|
|
|
«Семантикалық (мағыналық) желі» деген ұғым 1968-1969 жылдары
Р.Куиллиан (Ross Quillian) жұмыстарында пайда болды. Бұл үшін доғалармен
(графтар) қосылған түйіндері бар графикалық сызбалар пайдаланылады.
Семантикалық желілер теориясында граф-ағаштар мен қатар, циклдық және
толық байланысқан графтар қарастырылады. Одан басқа, мүмкін болатын
арақатынастар типтері жеке және ерекше түрде зерттелінеді (дәстүрлі: АКО
— a kind of, ISA, has part және кейбір жаңалар).
Алдымен семантикалық желілер табиғи тілдерді талдау үшін және
адамның ақыл-есінің психологиялық моделін құру үшін жасалынған
болатын. Бұл кезеңде сөйлемде бейнебір «орталық тақырып» бар деп
есептелетін, осыны пайдаланып машина сөйлемнің мағынасын
(семантикасын) «түсіну» мүмкін.
17.04.2021; 16:37
хиты: 23
рейтинг:0
|
|
|
|
|
Copyright © 2013-2025. All Rights Reserved. |
помощь
|
|