«Статистика» терминінің көптеген мағынасы бар. Бұл әрі ғылым, әрі қызмет түрі, әрі сандық көрсеткіштер жиыны және т.б.
«СТАТИСТИКА» сөзі латын тілінде (status-күйі, жағдай). Бұл терминді алғаш рет Готфрид Ахенваль (XVIII ғ.орт.) мемлекеттің жағдайын сипаттау кезінде қолданған болатын (немісше statistik болса, ал италиянша stato-мемлекет).
Статистика (statistics) – бұқаралық статистикалық (сандық немесе сапалық) деректерді (бақылау нәтижелерін) жинау, топтау, жүйелеу, талдау және түсіндіру жөніндегі(жалпы сұрақтарын қарастыратын) ғылым саласы. Статистика арқылы бас жиынтықты және олардың өзгергіштігін оқып біле аламыз.
Статистика түрлері: өндірістік, ауылшаруашылық, сот, коммуналды, биостатистика/медициналық ж/е т.б.
Медициналық-биологиялық есептерді шешу үшін қолданылатын статистика биостатистика деп аталады
Биостатистика (biostatistics) / Биометри-я(-ка) (биологиялық статистика / биостатистика) – жанды әлемге қолданылатын статистикалық ғылым. Биологияда, медицинада, денсаулық сақтауда, эпидемиологияда және ғылыми зерттеулерде (эксперименттік деректерді жинау, бақылау және өңдеу кезінде) статистикалық әдістерді қолданылу жөніндегі және талдау ережелеріне байланысты биология мен вариациялық статистика қиылысындағы ортақ ғылым саласы.
Талдау ережелері:
биологиялық нысандарды табиғи және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және олардың нәтижелерін талдау ережелері.
Мақсаттары:
1. Клиникалық сынақтар жүргізу
2. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу/жоспарлау
3. Денсаулық сақтауда: жоспарлау, басқару, бақылау әдістерін талдау, еңгізу
МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАТИСТИКА - халық денсаулығын және қоғамдық денсаулық сақтаудың күйін зерттейтін статистиканың бір бөлімі.