![]() |
|
||||||
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада -кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Жекеленген ғылымдар мен рухани, практикалық әрекет салалары әлемнің әр түрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырлары қалыптасуына жағдай жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол әлемді өз тұтастығында қабылдау кепілі, адамзаттың өмірлік тәжірибесі мен мәдениеті тұтастығын сақтаушы. Өнердің бұл бүкіләлемдік тарихи мақсаты адамзат дамуының барлық кезеңдері үшін қажеттілігі мен құндылығын қамтамасыз ететін оның фолифункционалдылығын тудырады.Алайда дамыған қоғамдық жүйелерде көркем шығармашылықтың барша қызметтерінің дерлік өз дублерлері бар:өнер-бұл таным, алайда әлемді танытатын ғылым да бар; өнер-тәрбие, бірақ бұл мәселемен айналысатын педагргика да бар; өнер-тіл және ақпарат құралы, бірақ онымен қатар табиғи тіл мен ақпарат құралдары да өмір сүреді; өнер- әрекет, бірақ еңбек -әлемді өзгертуші адамның әрекеттік мәні көрінісінің ең басты формасы. Алайда өнер адам әрекетінің бірде-бір формасын алмастыра алмайды, көркемдік әрекеттік ерекше үлгілейді. Бұл ерекшелікті түсінудің кілті ешнәрсені де көшірумен айналыспайтын, көркемдік әрекеттік ерекше пререгативасы болып табылатын өнердің эстетикалық және гедонистік функцияларында.
|
|||||||
|