- таңдама орта
- таңдама дисперсия
- орташа квадраттық ауытқу
- мода
- медиана.
Биостатистика – биология және медицинаның топтасқан қасиеттері мен жалпыланған құбылыстардың статистикалық талдауы туралы білімнің саласы.
Бір белгілі мерзімде және аймақта, көп санды бір тектес элементтерден құралған топты
статистикалық жиынтық дейміз. Статистикалық жиынтықтың өзі бас және таңдама жиынтық деп екіге бөлінеді.
Зерттеудің мақсатына байланысты, байқаудың барлық бақылау белгілерінен құралған жиынтықты бас жиынтық дейміз.
Бас жиынтықты сипаттауға арналған және бас жиынтықтан арнайы әдіспен іріктелген бас жиынтықтың бөлігін –таңдамалы жиынтық дейміз
Таңдама жиынтық репрезентивтік бөлу керек. Репрезентивтік дегеніміз іріктелген бөлшекте бас жиынтықта болған барлық элементтер және сондай арақатынаста болуы керек.
Репрезентивтік бөлу үшін қойылатын талаптар
-Таңдама жиынтықта бас жиынтық негізгі сипаттамалары болуы керек
-Бас жиынтықтың ерекшелігін көрсету үшін, таңдама жиынтықтың көлемі жоғары болуы керек
Зерттеу белгілерден және оның жиіліктерінен құралған қатарды дискретті статистикалық таралу қатары дейміз. Бөлшек интервалдардан және олардың жиіліктерінен құралған қатарды
интервалдық статистикалық таралу қатары дейміз.