пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

Қыпшақ Хандығы

Қыпшақ хандығы – шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11-ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Кейіннен олар Византия империясы мен Болгария жеріне әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 – 80 ж. Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға тарай бастады. 11 – 12-ғасырларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар деп аталды. 12-ғасырдың ортасынан олар Сырдария бойындағы қалалар үшінХорезммен соғысты. Қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет етті, сондықтан 13-ғасырдың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, ТорғайЫрғызЕсілНұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында қыпшақтар ыдырау алдында тұрды. Таққа тек бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Олар ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Кейіннен Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орталық Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (кереймеркітнаймануақжалайырқоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары “Қыпшақ ұлысы”, “Қыпшақ тілдес халықтар” деген жалпылама атаумен аталып кетті. 13-ғасырдың аяғында Алтын Орданың құрамындағы қыпшақ тайпаларының этникалық негізінде құрылған автономиялық бірлестік – Ақ Орда күшейе бастады. 14-ғасырдың аяқ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары “өзбек” деген жалпылама атаумен аталды. 15-ғасырдың орта тұсынан бастап “өзбек” терминін “қазақ” атауы ығыстырып шығарды.


18.06.2015; 13:53
хиты: 82
рейтинг:0
Гуманитарные науки
история
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2025. All Rights Reserved. помощь