пользователей: 30398
предметов: 12406
вопросов: 234839
Конспект-online
РЕГИСТРАЦИЯ ЭКСКУРСИЯ

Ұлы Отан соғысы

Ұлы Отан соғысы (19411945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (МажарстанИталияРумыния,ФинляндияСловакияХорватия) қарсы жүргізген соғысы

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́ағылш. Great Patriotic Warнем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).

Ұлы Отан соғысының 11600 жауынгері Кеңес Одағының батыры алса, оның 497-і қазақстандық болған. Қазақстандықтар ішінен Кеңес Одағы батыры атағын ең бірінші болып 19-шы танк дивизиясының генерал-майоры К.А.Семенченко алды. Батыр атағын екі мәрте алған 4 қазақстандық бар. Олар:Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский. Кеңес Одағы батырын алғандар арасында пулеметші М.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова, атқыштар С.Баймағамбетов, И.Новиков, қалқан бұзушы П.Миллер, минометші Қ.Спатаев, кавалерист М.Қатаев, сапер П.Гончар, торпедалы кеменің командирі Б.Ущев, атқыштар дивизиясының басшысы Ғ.Сафиуллин, Бауыржан Момышұлылар бар. Лейтенант Р.Қошқарбаев, Б. Чупрета, взвод командирі К.Метов, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Вицько, К.Волочев және т.б. КСРО ордендері мен медальдарының кавалерлері атағын алған.

 

 

 

 

 


18.06.2015; 12:35
хиты: 85
рейтинг:0
Гуманитарные науки
история
для добавления комментариев необходимо авторизироваться.
  Copyright © 2013-2025. All Rights Reserved. помощь