Туған жері
Әбу Насыр Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қаласы[1] — 950, Сирия, Шам[1]) — ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.
Оқу жолы
Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған
Медицина
Медицинаға қосқан үлесі
Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына "Медицина каноны" атты және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пиар айтады.[8]
Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек - табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзкарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған.