Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн аль-Хасан ибн Әли ибн Сина ((парсыша: ابو علی حسین بن عبدالله بن سینا), батыс елдерінде Авиценна атымен белгілі - ғалым,пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456-ге жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер,ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Өмірбаяны
Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: «Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара – жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің інім дүниеге келді».
Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата-анасы солай деп атаған), сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылман мектеп-мактабқа орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті болды. Өзінің сирек кездесетін қабілетімен ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде Құранды жатқа білді, оның ана тілі парсы-дары болса да, араб тілінің грамматикасын меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдаллах Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік геометрияны, астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты табысты жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып, кейде оны тұйыққа тіреп қоятын.
Ибн Синаның өмірбаянындағы мынадай оқиғаны суреттейді: «Ол осыған ұқсас нәрсені естімеген, сондай талдау анықтамасын бердім. Ол маған таң қалып, менің ата-анама мені ғылымнан басқа ешнәрсемен айналыспауыма кеңес берді. Евклида кітабымен де солай болды. Мен бес-алты теореманы мұғалімнің көмегімен меңгердім, ал қалғанын өз бетіммен меңгердім. Натилидің мені оқытуға шамасы жетпеді. Мен кітаптарды өзім оқып үйрене бастадым. Осы уақытқа дейін өзі білмеген сұрақтарды, менен үйренді».
Ибн Сина жаратылыстану ғылымын, әсіресе медицинаны беріліп оқыды. «Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім, (өмірбаянында осылай айтылды), оған арналған кітаптарды оқи бастады. Мен аз уақыт ішінде медицинада табысқа жеттім, сол кездегі атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап келе бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің алған тәжірибемнің нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын, маған сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл кезде мен он алты жаста едім».
Медицинаға қосқан үлесі
Тәжік дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» («Канон врачебной науки») еңбектері өте құнды. Бүл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет қайта басылып шыққан.